Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айында өткен ҰБТ-да талапкерлердің бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша жинаған баллы туралы ақпарат ұсынды. 

Министрлік ұсынған мәліметтерге сүйенсек, "Биология–Химия" пәндерін таңдаған талапкерлер ең жоғары балл жинаған – 136 балл. Одан кейінгі орында 135 баллмен "Ағылшын тілі-Дүние жүзі тарихы" мен "Дүние жүзі тарихы-Құқық негіздері" комбинациялары тұр. Ал "Химия-Физика" комбинациясы бойынша талапкерлер ең төмен балл жинаған – 121 балл.

Ал орташа балл мәні бойынша ең жоғары орында "Қазақ тілі-Қазақ әдебиеті" пәндері тұр – 80 балл. Ең төмен орташа балл "биология – география" комбинациясына тән.

Кесте: Ұлттық тестілеу орталығы

Айта кетейік, тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19 пайызы – "Математика-Физика", 19 пайызы – "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа "Математика-Информатика" комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11 пайызы тапсырған.


Оқи отырыңыз: "Қаңтардан нашар": Наурызда ҰБТ тапсырғандардың 22 пайызы шекті балл жинай алмады


Наурыз айында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер қатысты. Сынақты олардың  75 пайызы – қазақ тілінде, 25 пайызы – орыс тілінде және 141 адам ағылшын тілінде тапсырған.

  • Талапкерлердің 78 пайызы шекті балл жинады (қаңтарда – 83%).
  • Орташа көрсеткіш – 70 балл (қаңтарда – 76 балл).
  • Ең жоғары балл – 136 (қаңтарда – 139 балл).