Журналистер Сенат кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан Жаңа жылды қалай, қайда атап өтетіні және қандай сыйлық алғысы келетінін сұрады.

– Министр мырза, Жаңа жылға қандай ерекше сыйлық алғыңыз келеді?

– Бірегей кітап алғым келеді. Автордың қолтаңбасымен.

– Мысалы?

– Классикадан, соның ішінде авторы қайтыс болып кеткен классикалық кітапты түпнұсқа қолтаңбасымен алғым келеді.

– Жаңа жылды қалай атап өтуді жоспарлап отырсыз?

– Отбасыммен, үйде.

– Астанада ма?

– Астанада.


Оқи отырыңыз: Қуантыров: Теңгенің құнсыздануы біздің экспорттаушыларға тиімді


– Жаңа жыл қарсаңында чек қаншалықты қымбатқа шықты? 

– Тағы да сол сіздер менен сұрай беретін мандариндердің бағасына байланысты 10 пайыз шамасында қымбаттады. Маусымдық баға әсер етеді. 

– Теңгемен айтқанда...

– Теңгемен айтқанда айына 250 мың шықса, шамамен 25-30 мың теңгеге қымбаттады.

– Жаңа жылда жасайтын отбасылық дәстүріңіз бар ма?

– Тілек тілеу. Оларды жазып, топырақ салынған құтыға көму, келесі жылы ашып қарау.

– Сіз министр болу туралы тілеген бе едіңіз?

– Жоқ, министр болуды тілемедім. Есесіне, басқа тілектерім орындалды. Атап айтқанда, Гарвардқа оқуға түсуді тілегенмін. Түстім, бірақ оқуға кетпедім. Биыл мені (министр етіп – ред.) тағайындады.