Журналистер Сенат кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан Жаңа жылды қалай, қайда атап өтетіні және қандай сыйлық алғысы келетінін сұрады.
– Министр мырза, Жаңа жылға қандай ерекше сыйлық алғыңыз келеді?
– Бірегей кітап алғым келеді. Автордың қолтаңбасымен.
– Мысалы?
– Классикадан, соның ішінде авторы қайтыс болып кеткен классикалық кітапты түпнұсқа қолтаңбасымен алғым келеді.
– Жаңа жылды қалай атап өтуді жоспарлап отырсыз?
– Отбасыммен, үйде.
– Астанада ма?
– Астанада.
Оқи отырыңыз: Қуантыров: Теңгенің құнсыздануы біздің экспорттаушыларға тиімді
– Жаңа жыл қарсаңында чек қаншалықты қымбатқа шықты?
– Тағы да сол сіздер менен сұрай беретін мандариндердің бағасына байланысты 10 пайыз шамасында қымбаттады. Маусымдық баға әсер етеді.
– Теңгемен айтқанда...
– Теңгемен айтқанда айына 250 мың шықса, шамамен 25-30 мың теңгеге қымбаттады.
– Жаңа жылда жасайтын отбасылық дәстүріңіз бар ма?
– Тілек тілеу. Оларды жазып, топырақ салынған құтыға көму, келесі жылы ашып қарау.
– Сіз министр болу туралы тілеген бе едіңіз?
– Жоқ, министр болуды тілемедім. Есесіне, басқа тілектерім орындалды. Атап айтқанда, Гарвардқа оқуға түсуді тілегенмін. Түстім, бірақ оқуға кетпедім. Биыл мені (министр етіп – ред.) тағайындады.