Мемлекеттен тегін үй алу үшін: Қарағандыда 454 адам кезекке заңсыз тұрып алған
Тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны анықталды.Қарағанды облысы прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген кезде 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілгенін анықтады. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.
Тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталды. Сондай-ақ, 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген.
"Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйге төлемдер бойынша қарызы – 20 млн теңге, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыз берді. Шахтинск қаласында жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.
Ақтоғай ауданында мұқтаж жандарға арнап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 4 тұрғын үй сатып алынған.
Оқи отырыңыз: "Жоғары соттың шешімі бар". Алматыда кәсіпкер 16 сотық жерді заңсыз иеленіп алған
Сондай-ақ ауданда электр қуатына қосылмаған 2 тұрғын үй сатып алынған.