Мемлекет басшысы: Тұрғын үй саясатының әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті өзіне келіп түсетін мыңдаған хаттың басым бөлігінде азаматтардың тұрғын үй мәселесі туралы жазатынын айтты.
"Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хаттар өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді. Тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты. Сондықтан, біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз:
- Президент "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайтаратынын айтты
- Тоқаев: Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек
- Мемлекет басшысы: Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ