Мемлекет басшысы алда парламент рөлін күшейту міндеті тұрғанын мәлімдеді. 

"Сенаттағы президенттік квотаға бақылау құралы ретінде емес, парламентте аз өкілдік ететін әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін есепке алу тетігі ретінде қарау керек. Сондықтан мен сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды, бұлай өмір сүру мүмкін емес


"Алдымызда парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз", – деп қосты мемлекет басшысы.

Әрі қарай президент мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастайтынын айтты.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Атқарушы билік инфляцияға жол бермеу міндетін орындамады


"Парламенттің төменгі палатасы ешкімге жасанды преференциялар бермей, елдің бүкіл электоралдық ландшафтын көрсетуі керек. Осылайша, біз мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастаймыз, бұл, менің ойымша, саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды. "Аз болғаны жақсырақ, иә жақсы", – деді президент.

Мұнымен қатар, мемлекет басшысы мәжіліске заң қабылдау құқығы берілетініне тоқталды.

"Сенаттың мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын көздейтін норма енгізген дұрыс деп санаймын. Демек, мәжіліске заңдар қабылдау құқығы беріледі. Бұдан өзге, парламент республикалық бюджеттің атқарылу сапасына бақылауды күшейтуі тиіс. Осыған байланысты есеп комитетінің орнына жоғары есеп палатасын құруды ұсынамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгертуге тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның білім жүйесін реформалау жоспары туралы бөлісті.