Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы ресми сайтында жарияланды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы хабарланды.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін" деп жазылған Орталық сайлау комиссиясының қаулысының мәтінінде.

 


Оқи отырыңыз: