Маңғыстаудың экс-әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды
Асқар Тәжібаев ҚР Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.Мамыр айында Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылған Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі қызметіне тағайындалды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Нұрлан Ноғаев 1967 жылғы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1993 ж. – И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
1999ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-да мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-да маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры.
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылғы 26 наурыздан - Атырау облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы қызметке қайта тағайындалды.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі.
2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімі.
2024 жылы 16 мамырда облыс әкімі қызметінен босатылды.
Мемлекеттік марапаттары: "Құрмет" ордені, "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдары.