Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Маңғыстау облысының жер көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Сәйкесінше, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді.

Маңғыстау облысының аумағына қосылатын жерлер ашық көк түспен боялған

Облыс әкімдігі әзірлеген түсіндірме жазбаға сәйкес, мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген.

Қаулы жобасын талқылау мерзімі – 24 мамырға дейін. 


Оқи отырыңыз: Ақтауға теңіз туризмін іздеп келетін шетелдіктер қанша жарна төлейді?