Ақтауға келетін шетелдіктер туристік жарна төлейді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлады.
Қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішеваның айтуынша, бұл ақша өңірді дамытуға жұмсалады.
"Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі – тұру құнының 1 пайызы мөлшерінде бекітілді. Мұндай туристік жарна төлеу тәжірибесі Грузия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды әлемнің көптеген елінде жолға қойылған. Шетелдік туристерден алынатын ақша Ақтаудағы туризмді дамыту бағытына жұмсалмақ. Соңғы кездері өңірге келетін туристер саны көбейгенін ескерсек, қазынаға әжептеуір қаржы түсуі мүмкін", – деді қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішева.
Шешім қалалық мәслихат сессиясында қабылданды. Он күннен соң қолданысқа енгізіледі.