Коронавирустың "Дельта" штамы республиканың барлық өңірінде анықталды
414 сынаманың тең жартысы үнді штамын көрсеткен.Әлемде "Дельта" штаммының таралуына байланысты
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Алынған 414 сынаманың 48,3% үнді штамын көрсеткен. Штамм Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстарда да анықталды.
"Мутацияның болуын және оның "Дельта" штаммына жататындығын түпкілікті растау үлгілердің ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін анықталады. Үнді штамының ерекшеліктеріне инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілері басым болуы, аурудың тез дамуы, жас науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдердің көптеп ауруы жатады", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Дельта" SARS-CoV-2 штамы әлемнің 96 елінде анықталды.