Әлемде "Дельта" штаммының таралуына байланысты
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Алынған 414 сынаманың 48,3% үнді штамын көрсеткен. Штамм Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстарда да анықталды.
"Мутацияның болуын және оның "Дельта" штаммына жататындығын түпкілікті растау үлгілердің ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін анықталады. Үнді штамының ерекшеліктеріне инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілері басым болуы, аурудың тез дамуы, жас науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдердің көптеп ауруы жатады", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Дельта" SARS-CoV-2 штамы әлемнің 96 елінде анықталды.