Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылды деп тану жөнінде қаулы шығарды. Бұл туралы Конституциялық соттың сайтында жазылған.

"ҚР Конституциялық соты 5 қаңтарда Парламенттің бір топ депутатының ҚР Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан мемлекет ретінде айтарлықтай жаңғырды


Парламент депутаттары "Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?" деген сұраққа жауап іздеген.

Осыған орай, Конституциялық сот "2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта ҚР Конституциясында "ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады", – деген шешім шығарды.