Қостанайда Амангелді тұрғын алабында болған төтенше жағдай салдарынан жетіге жуық адам үйінді астында қалды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Оқиға 11 желтоқсан күні сағат 12:36 шамасында Энергетиков көшесі, 1 (бұрынғы Қызыл Партизан) мекенжайында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, газ-ауа қоспасының жарылуы бір қабатты ғимараттың опырылуына әкеліп соқты, нәтижесінде жетіге жуық адам үйінді астында қалды. Облыс әкімі де бар оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.


Оқи отырыңыз: "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр