ҚМДБ жұма намазын оқуға рұқсат өңірлер тізімін жариялады
Жұма намазын тек Батыс Қазақстан облысында ғана мешіт ішінде оқуға рұқсат.Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ресми сайтында Қазақстанның өңірлерінде ертең, 27 тамыз күні жұма намазы қалай оқылатыны туралы ақпарат жарияланды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды;
- Алматы қаласы – оқылмайды;
- Шымкент қаласы – оқылмайды;
- Алматы аймағы – мешіт ауласында оқылады;
- ШҚО – мешіт ауласында оқылады;
- Қарағанды облысы – оқылмайды;
- Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады;
- СҚО – мешіт ауласында оқылады;
- Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады;
- БҚО – оқылады;
- Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Семей аймағы – мешіт ауласында оқылады;
- Талдықорған аймағы – мешіт ауласында оқылады;
- Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Жамбыл облысы – оқылмайды;
- Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.
"ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес", – делінген ҚМДБ ресми хабарламасында.
Діни басқарма мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды сұрайды.