Жұма намазын тек Батыс Қазақстан облысында ғана мешіт ішінде оқуға рұқсат.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ресми сайтында Қазақстанның өңірлерінде ертең, 27 тамыз күні жұма намазы қалай оқылатыны туралы ақпарат жарияланды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды;
- Алматы қаласы – оқылмайды;
- Шымкент қаласы – оқылмайды;
- Алматы аймағы – мешіт ауласында оқылады;
- ШҚО – мешіт ауласында оқылады;
- Қарағанды облысы – оқылмайды;
- Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады;
- СҚО – мешіт ауласында оқылады;
- Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады;
- БҚО – оқылады;
- Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Семей аймағы – мешіт ауласында оқылады;
- Талдықорған аймағы – мешіт ауласында оқылады;
- Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады;
- Жамбыл облысы – оқылмайды;
- Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.
"ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес", – делінген ҚМДБ ресми хабарламасында.
Діни басқарма мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды сұрайды.