1-3 маусымда Қазақстанның көптеген өңірлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ауа температурасы біртіндеп көтеріле береді.

"Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жаздың басында Қазақстанда күн жылына бастайды


Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасының бірте-бірте 17-27 градус аралығында көтерілсе, республиканың оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.