"Қазгидромет" синоптиктері 30 және 31 мамырға, сондай-ақ жаздың бірінші күні – 1 маусымға ауа райы болжамын айтты.
Еліміздің солтүстік, солтүстік-батысы, батысы, шығысы мен орталығының тұрғындары көктемнің соңғы күндерінде ауа райының құбылмалылығын сезінеді. Онда найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын, керісінше, тоқтайды.
Түнде және таңертең аяз күтілуде: 31 мамырда – солтүстік-батыста, 31 мамырда және 1 маусымда – солтүстікте, 1 маусымда – шығыста. Жаздың бірінші күні күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:
- республиканың батысы мен оңтүстігінде – 27-35 градусқа дейін,
- республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында - 15-25 градусқа дейін,
- оңтүстік-шығыста - 22-27 градус дейін.
Оқи отырыңыз: "Шілдеде" неге қырық күн? Қазақ халқының ауа райы болжамдары