Қазақстанда киелі орындар картасы әзірленеді
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің туризмді дамытуға арналған 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында жазылған.Тұжырымдама мәтіні қоғамдық талқылау үшін Ашық нормативтік құжаттар порталында жарияланды. Оған сәйкес, туризм индустриясы бәсекеге қабілетті бизнесі бар басым туристік аумақтарда дамиды. Оның негізін ішкі және шетелдік туристер үшін тартымды туристік өнімдерді ұсынатын білікті қызметкерлер құрайды.
Туризмді дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері:
- Тұжырымдама көлік инфрақұрылымын дамытуды, автомобиль қатынасы мен тұрақты қалалық көліктің қолжетімділігін, әуе және теміржол қатынасын дамытуды, шекаралық өткізу пункттерінің инфрақұрылымын, сумен жабдықтауды және су бұруды қоса алғанда, елдің туристік дестинацияларын кешенді дамыту мен абаттандыруды қамтиды.
- Туристік инфрақұрылымды (көлік хабтары, әуежайлар, теміржол вокзалдары, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, елді мекендерден тыс орналасқан объектілерге кірме жолдар, жол бойындағы сервис, санитариялық-гигиеналық тораптар) дамыту ұсынылады.
- Қазақстанның табиғи, тарихи-мәдени, этностық әртүрлілігі мен гастрономиясының ерекшеліктерін ескере отырып, туристік дестинациялардың айналасында сапалы және теңтүпнұсқалы туристік өнімдерді жасау, сондай-ақ елдің киелі объектілерінің "киелі география" мәдени-географиялық картасы әзірленеді.
Тұжырымдаманы іске асыру кезінде туристік саладағы өзекті мәселелерді шешуге баса назар аударылмақ.
Оқи отырыңыз: Түркістан – "Екінші Мекке" атануға, әлемдік туризм ордасына айналуға лайық