Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сауалдарына жауап беру барысында Қазақстандағы аборт мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, қолданыстағы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, Қазақстанда әйелдердің репродуктивтік құқығы бар. Яғни, әйелдер құрсағындағы баланы дүниеге әкелу, әкелмеу мәселесін өзі отбасымен ақылдасып шешуге құқылы.

"Сондықтан, Қазақстанда абортқа тыйым салатын нормалар жоқ. Әзірге ондай тыйым салатындай нормалар енгізу қарастырылып жатқан жоқ", – деп түсіндірді министр.


Оқи отырыңыз: