"Қазақстан халқына" қорынан қандай қажеттіліктерге көмек алуға болады?
Қорда қазіргі таңда 115 миллиард теңгеден астам қаражат жинақталған."Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесі қордың негізгі міндеттерін көрсететін тұжырымдаманы бекіткен. құжатқа сәйкес, қордың қызметі болашақта аурулардың және мүгедектіктің ықтимал дамуын болдырмау мақсатында сәбилерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесуге, спорт және білім беру инфрақұрылымы, сондай-ақ балаларға арналған басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, қор мүгедек, науқас немесе әлеуметтік бейімделу проблемалары бар баланы асырап алған, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбиені ұйымдастырған отбасыларға көмек көрсетумен және аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсету үшін мектептермен өзара іс-қимыл жасаумен айналысады.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқына" қоры қызметінің тұжырымдамасы әзірленеді
Тізімге Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету кіреді.
"Бұл қызмет бағыттарын қамқоршылық кеңес бекітті, ал басқа салалар қор қызметіндегі басым бағыттарға жатпайды. Сондай-ақ, біз азаматтардың қаржылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл мәселелердің барлығын қор шеше алмайды. Сондықтан тұжырымдамада көрсетілген қызмет бағыттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз", – деді "Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз:
- Мәжіліс депутаты Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынды
- "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішев тағайындалды