Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясы қайда салынатынын айтты.

"Біз мекемеаралық комисия өткізіп, нақты орны емес, (АЭС – ред.) салатын аумақты айқындадық. Ол – Балқаш көлі, Алматы облысының Үлкен кенті", – деді Болат Ақшолақов. 

Оның айтуынша, биыл құрылыстың егжей-тегжейін зерттеу жұмыстары аяқталып, содан кейін нақты координаттары белгілі болады. 

"Одан кейін есептері айқындалады. Бұл үшін технологияны айқындауымыз керек. Онымен келесі жылы айналысамыз", – деді энергетика министрі. 


Оқи отырыңыз: Тимур Жантикин: АЭС салу техникалық мәдениеттің жалпы деңгейін көтереді