Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Әсел Ілиясова жедел миокард инфарктін бастан өткерген адамдарда оңалтуды ерте бастау қажеттігін айтты. Оның айтуынша, мұны халықаралық зерттеулер де растайды. Кардиологиялық оңалту науқастардың қайта еңбекке оралуын 30-70%-ға дейін арттырады.

Дәрігердің сөзінше, жүрек-қан тамырлары аурулары дамыған елдерде өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Олар денсаулыққа зиян келтіреді және көбінесе ауыр және қайтымсыз физикалық және неврологиялық мүгедектікке әкеліп соғады.

Кардиологиялық оңалтудың негізгі міндеті – пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту. Бұған дәрілік терапиямен қатар қауіп факторларын жою, оның ішінде өмір салты мен тамақтану режимін өзгерту, жаттығу жасауды бастау керек. Пациенттерге психологиялық қолдау қажет.

Физикалық белсенділіктің болмауы сырқат адамдарда ғана емес, сау адамдар арасында да ауыру мен өлімнің ең күшті болжамы ретінде танылды. Миокард инфарктісін бастан өткерген және кардиологиялық оңалту бағдарламасына кірген пациенттерде өлім-жітім 63%-ға төмендейтіні дәлелденген.  


Оқи отырыңыз: