Ішкі істер министрі Бишімбаевтың тергеу изоляторында қандай жағдайда жатқанын айтты
Министр ол үшін ерекше жағдай жасалып жатқан жоқ екенін атап өтті.Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында қандай жағдайда отырғанын айтты.
"Ешкімге ерекше жағдай жасалмайды. Барлығы заңға сәйкес ұсталады. Ол жалпы камерада отыр, қасында бір камерада отырғандар да бар", – деді Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ, министр журналистер сот залына неге кіргізілмегенін, үлкен конвойдың Қуандық Бишімбаевты БАҚ өкілдерінен не себепті «қорғап» тұрғанын түсіндірді.
"Бізде жарғы бар, жарғы бойынша артық ковбой болған жоқ. Бір айыпталушыға үш-төрт адамнан келеді. Мұнда екі айыпталушы бар, сондықтан тиісті алып жүру болды. Оған ешқандай артықшылық берілген жоқ екеніне сеніңіз", – дедңі Ішкі істер министрі.
12 наурызда әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот алқа билердің қатысуымен өтетіні белгілі болды. Сотталушының тиісті өтінішін судья Айжан Құлбаева қанағаттандырды.
Оқи отырыңыз: "Ұрып-соғып, интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген". Прокурор Бишімбаевтың әйеліне қалай зорлық көрсеткенін айтты