Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында қандай жағдайда отырғанын айтты.
"Ешкімге ерекше жағдай жасалмайды. Барлығы заңға сәйкес ұсталады. Ол жалпы камерада отыр, қасында бір камерада отырғандар да бар", – деді Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ, министр журналистер сот залына неге кіргізілмегенін, үлкен конвойдың Қуандық Бишімбаевты БАҚ өкілдерінен не себепті «қорғап» тұрғанын түсіндірді.
"Бізде жарғы бар, жарғы бойынша артық ковбой болған жоқ. Бір айыпталушыға үш-төрт адамнан келеді. Мұнда екі айыпталушы бар, сондықтан тиісті алып жүру болды. Оған ешқандай артықшылық берілген жоқ екеніне сеніңіз", – дедңі Ішкі істер министрі.
12 наурызда әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот алқа билердің қатысуымен өтетіні белгілі болды. Сотталушының тиісті өтінішін судья Айжан Құлбаева қанағаттандырды.
Оқи отырыңыз: "Ұрып-соғып, интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген". Прокурор Бишімбаевтың әйеліне қалай зорлық көрсеткенін айтты