Композитор, өнер зерттеушісі "Халықтың бүгінгі референдумдағы таңдауы әділ болып, ұрпағымыз оның игілігін көрсе екен" деген пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі

"Бұл референдумның Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор. Біз – Ата Заңымызды ерекше құрмет тұтатын халықпыз. Сол себептен, дауыс беру – ел үшін, қоғам үшін қажет қадам. Бұл – бүгініміз бен болашағымыз үшін ерекше мәнге ие. Халықтың бүгінгі таңдауы өздері үшін игілікті, әділ әрі әділетті болса екен. Осы референдумның нәтижесінде Қазақстанымыз жан-жақты дамып, көркем елге айналса екен деген тілегім бар. Ұрпағымыз осы референдумның игілігін көрсе екен", – деді Илья Жақанов.

Атырау қаласында тұратын Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов №7 учаскеде тіркелген. Мұнда дауыс беруге келушілерді шұбатпен күтіп алады.


Оқи отырыңыз: