Тікелей эфир

Оралдық қариялар бата-тілектерін жаудыруда

Орал қаласындағы №23 мектепте орналасқан №510 сайлау учаскесіне 2378 сайлаушы тіркелген.

Таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастаған учаскеде екі сағатта 500-ге жуық сайлаушы дауыс беріп үлгерген.

– Бұл сайлауға тұрғындардың ерекше мән бергені байқалады. Бұрынғыдан гөрі саяси үрдістерге салмақпен қарай бастағаны сезіледі. Жастар кәрі ата-аналарын алып келіп, бірге дауыс беруде. Бұрынғы сайлауларда болмаған өзгешелік: қариялар үлкен өзгерістерді күтетінін, оған тілектес екенін айтып, бата-тілектерін жаудыруда. Жаңа Қазақстандағы оң өзгерістерге сенім білдіруде, – дейді №23 мектеп директоры, №510 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлсім Сатыбаева.

Аталған учаскеге дауыс беруге келген қала тұрғыны Ілияс Боранбаев референдумнан үлкен өзгеріс күтетінін айтты.

– Елдің дамуына серпін береді деген сенім бар. Еліміздің болашағы, жастарымыздың келешегі жарқын болсын, – деді Ілияс Боранбаев.

Нұрлыбек Рахманов, БҚО

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары