Францияда жұмыс істеген ғалым "ҚазМұнайГаз" еншілес компаниясын басқарады
Компанияның жаңа басқарма төрағасы Францияның минералдық ресурстар және энергетика орталығында жұмыс істеген."ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы болып Рахым Өтеев тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ресми арнасы хабарлады.
Ол бұған дейін ҚМГИ Атырау филиалының директоры, ҚМГИ бас директорының ірі жобалар жөніндегі директоры қызметін атқарды.
Рахым Өтеев Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ("Мұнай және газ геологиясы"), сондай-ақ француз Нанси университетінің ("Геология және ресурстар") түлегі, магистр, геология ғылымдарының докторы (PhD).
Оқи отырыңыз: "ҚазМұнайГазға инвестиция сал". Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды