Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбіні кадрлық өзгерістерден бастады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
  • Ербол Дәненұлы Адаев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
  • Алексей Дмитриевич Калайчиди ҚР Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
  • Дәурен Тілекұлы Ерғарин ҚР Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.