![Фото: Informburo.kz](/storage/photos/84/main/01JM91BGXY4FK5ES9SE1QV38BA.jpg)
Ол бұған дейін президент кеңесшісі болып қызмет атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбіні кадрлық өзгерістерден бастады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
- Ербол Дәненұлы Адаев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
- Алексей Дмитриевич Калайчиди ҚР Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
- Дәурен Тілекұлы Ерғарин ҚР Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.