Энергетик сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды. Мәжіліс заңды қабылдады
Енді энергетик сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек.Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.
Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда әрбір оныншы адамның бүйрегі ауырады. Бұған энергетик пен газды сусындардың қандай қатысы бар
Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.