Тікелей эфир

Энергетик сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды. Мәжіліс заңды қабылдады

Енді энергетик сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек.

Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.

Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары