Енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн рәсімдей алады
Министрдің жазуынша, болашақта мұндай қызмет екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында да пайда болады.Қазақстандықтар сенімхатты цифрлық нотариат арқылы онлайн рәсімдей алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.
"Мен бір жолы шетелде кезекті іс-сапарда жүрген кезде бір мәселемен бетпе-бет келдім: баланы атасымен бірге басқа қалаға жіберу қажет еді, бірақ мен сенімхат рәсімдей алмадым. Мұндай жағдайлар көп адамға таныс деп ойлаймын, алайда енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады", – деп жазды министр.
Цифрлық нотариат eGovMobile ұялы қосымшасы арқылы нотариалды түрде куәландырылатын сенімхаттарды онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Оны шетелде жүрген азаматтар да пайдалана алады. Ол үшін қосымшаға кіріп, нотариусқа бейнеқоңырау шалу жеткілікті.
Оқи отырыңыз: "Дипломмен ауылға" жобасына өтінішті енді онлайн беруге болады
Министрдің жазуынша, болашақта мұндай қызмет екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында да пайда болады.