"Елордаға баратын жолдар жабылады". Полиция пікір білдірді
Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған.Астана аумағына көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция департаменті пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1-5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елді мекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған", – делінген хабарламада.
Астана полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.