Тікелей эфир

"Елордаға баратын жолдар жабылады". Полиция пікір білдірді

Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған.

Астана аумағына көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция департаменті пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1-5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елді мекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған", – делінген хабарламада.

Астана полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары