Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8 пайызға артық.
Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген.
"Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің оның ішінде шыққан жылы 25 жылдан асқан кемелер бар. Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады", – делінген хабарламада.