Елде 8 072 учаске дауыс беру үшін ашылды
Республика бойынша барлығы дауыс беруге арналған 10 012 учаске бар.Дауыс беруге арналған учаскелер әзірге Қазақстанның барлық өңірінде ашылмады. Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында учаскелер жергілікті уақытпен сағат 07.00-де, яғни Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 08.00-де ашылады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылдың 5 маусымында Астана уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 072 учаске дауыс беру үшін ашылды.
Республикада дауыс беруге арналған 10 012 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 52 елде 65 учаске бар.
Оқи отырыңыз: Референдум: Жапония мен Кореядағы учаскелер бірінші болып өз жұмысын бастады
17 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешіміне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.