Дүйсенова: Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады
Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда екі аптаға аз.Қазақстанда оқу жылының бұрынғы ұзақтығы – 34 апта қайтарылды, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда екі аптаға аз.
Мектеп оқушыларына арналған соңғы қоңырау 2024 жылдың 25 мамырында шырылдайды. Мұны ата-аналар қауымдастығы бірнеше рет қолдады.
"Бұл мәселе бойынша қоғамда көптеген шағымдар мен педагогикалық қоғамдастықтың ұсыныстары болды. Бұл әлемдік тәжірибе. Бірақ мұндай инновацияларды енгізбес бұрын мұқият дайындық қажет. Министрліктің шешімі дұрыс, бірақ асығыс болды деп санаймын. Осыған байланысты биылғы жылы 34 апталық ұзақтыққа 25 мамырда аяқталуымен оралу дұрыс деп санаймын", – деді Тамара Дүйсенова.
Оқи отырыңыз: Светлана Айтбаева: Балаға тілге деген құрмет пен махаббат ана сүтімен дариды
Ол 2025 жылдан кейін оқу жылын ұзарту мәселесіне қайта оралуды ұсынды.
22 тамызда Үкімет отырысының аясында Білім министрі Ғани Бейсембаев сарапшылар өз талқылауларын аяқтағанын хабарлады.
"Әртүрлі пікірлер болды, оны өзіңіз білесіз. Бірі 36 аптаны, екіншісі 34 аптаны қалады. Әрбір пікір мен үшін өте маңызды. Мен барлық тарапқа құлақ астым", – деді ол.