"Достарға сене алу өте бағалы". Макрон желідегі парақшасында қазақша жазды
Қазақстан мен Франция басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, екі елдің ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды.Франция президенті Эмманюэль Макрон X (бұрынғы Twitter – ред. түсіндірмесі) желісінде қазақ тілінде жазба қалдырды.
"Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", – делінген Франция президентінің жазбасында.
Оқи отырыңыз: Макрон: Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшімізді саламыз
Еске салсақ, Франция президенті 2024 жылы Қазақ-француз университеті өз жұмысын бастайтынын мәлімдеген еді.