Франция президенті Эмманюэль Макрон X (бұрынғы Twitter – ред. түсіндірмесі) желісінде қазақ тілінде жазба қалдырды.
"Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", – делінген Франция президентінің жазбасында.
Оқи отырыңыз: Макрон: Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшімізді саламыз
Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы.
— Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) November 1, 2023
Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді. pic.twitter.com/09NoSlSjZX
Еске салсақ, Франция президенті 2024 жылы Қазақ-француз университеті өз жұмысын бастайтынын мәлімдеген еді.