Бүгіннен бастап жұма намазы өңірлердің бәріндегі мешіттерде оқылады
Жұма намазын мешіт ауласында ғана оқуға рұқсат етілген.Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірінде жұма намазын мешіттердің ауласында оқуға рұқсат етілді. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған болатын.
Жұма намазы оқылатын мешіттер бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюін қамтамасыз ету міндеттелген.
Сондай-ақ ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі. Ғибадат үйлерінде намаз оқу бір адамға 4 метрден кем емес есеппен қашықтықты сақтау кезінде жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ жұма намазын оқуға рұқсат өңірлер тізімін жариялады