Биылғы жазғы демалыс маусымында Қазақстанның өңірлерінен Алакөлге қалай баруға болатынын Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлады. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алакөлге, яғни Достық станциясына 4 пойыз арқылы және 2 әуе компаниясының қызметімен баруға болады. Олар: 

  • №337/338 "Алматы – Достық";
  • №6941/6942 "Ақтоғай – Достық";
  • "Астана – Достық" (№121/122 "Астана – Семей" пойызының құрамында);
  • "Қызылорда-Достық" (№21/22 "Қызылорда – Семей" пойыздың құрамында) пойыздары.

Сондай-ақ, Алакөлге Алматыдан SCAT және "Южное небо" әуе компанияларының қызметі арқылы жетуге болады.  


Оқи отырыңыз: Алакөл, Балқаш әлде Каспий? Қазақстанда көл жағасында демалу қанша тұрады?


"Жазғы кезеңде жолаушылар тасымалына қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында, Алакөл көлі бағытында (Достық станциясы) ағымдағы жылы қосымша 3 Тальго пойызын, стандартты құрамдағы 4 пойызды және тоқтаусыз вагондарды іске қосу жоспарлануда", – деді Тамара Дүйсенова. 

Оған қоса, үкімет басшысы орынбасарының сөзінше, осы жазда Qazaq Air әуе компаниясы Алматыда Алакөлге қарай рейсті іске қосады.


Оқи отырыңыз: Алакөлге апаратын жол құрылысы 2024 жылы толық аяқталады