Биыл Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам адамды кене шақты
Шығыс Қазақстан облысында аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.Кененің таралу маусымы – сәуір айынан бері 3083 адамды кене шаққан. Бұл туралы ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысы еліміз бойынша кене энцефалитін жұқтыру қаупінің "жоғары" аймағына кіреді. Бұл жақта аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.
"Алты адам кене энцефалитімен ауырды. Олар Таулы Үлбі ауылының, Риддер қаласының, Каменка және Урунхайка ауылдарының тұрғындары. 6 адамның тек біреуі ғана дер кезінде медициналық көмекке жүгінген", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Зерттеу қорытындысы: Қазақстанда жол апаты күзгі мезгілде жиі болады.
Кенеден зардап шеккендердің көбі Өскемен қаласында – 44%, Риддерде – 21%, Алтай ауданында – 12% және Катонқарағай ауданында – 11,5%.