2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Бұл уақытта – 18,5 млрд теңге, ал 2021 жылы 22,2 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы мектеп оқушылары үшін кәсіптік қарау мен сауықтыру іс-шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалды, деп хабарлайды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыының баспасөз қызметі. 

Қор мәліметінше, балалар жеңілдікті санатқа кіреді және мемлекет есебінен МӘМС-да сақтандырылған. Тегін медициналық қызметтерді балалар медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардан ала алады.

"Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесін енгізу арқылы ол жеке позицияға шығарылды. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл медицинаның осы бөліміне кәсіби тексерулердің толықтығын тексеруге, аурулары анықталған балаларды дер кезінде Д есебіне тіркеуге, барлық стандарттардың сақталуын бақылауға және тағы басқаға ерекше назар аударылатындығын білдіреді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "Баланы балаға бақтырады". Қараусыз ұрпақ қауіпсіздігіне кім жауапты?


Осы жылы қор білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуге 436 емханамен 26,1 млрд теңгеге жуық сомаға шарт жасады. Салыстыру үшін: 2020 жылы мектеп медицинасының қызметін 417 медициналық ұйым, 2021 жылы – 430 медициналық ұйым көрсетті, шарттардың құны 22,2 млрд теңгені құрады.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылдың 1 тоқсанында мектеп медицинасы қызметі шамамен 6,4 млрд теңгеге көрсетілді.

Қорда атап өткендей, мектеп медицинасының мәні – білім беру ұйымдарындағы балаларды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс мектеп немесе балабақша орналасқан аумаққа қарасты емхана жауапкершілігінде болады. Ол үшін мектепте медицина қызметкерінің жабдықталған кабинеттері бар арнайы қызмет құрылады. Профилактикалық тексеру немесе вакцинация жүргізу үшін мектепке (немесе балабақшаға) тиісті профильдегі дәрігерлер келеді. Мұндай іс-шаралар алдын-ала жоспарланады және ата-аналар олар туралы хабардар етіледі.

"Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында өткізілетін тексеруі кіреді. Сондай-ақ, оқу орнындағы дәрігерлер балалардың салауатты өмір салтын ұстануы бойынша іс-шаралар өткізеді. Егер кәсіби тексеруде патология анықталған болса, онда бала тіркелген жері бойынша емханаға тереңдетілген медициналық тексеруге жіберіледі. Балалардың вакцинациялауы ата-аналарының келісімімен Ұлттық егу күнтізбесі бойынша жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда медициналық пунктте жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін балаларға алғашқы көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада. 

Осылайша, мектеп медицинасы мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда уақтылы алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: Шұғыл көмек қажет ететін науқастар дәрігерге кезексіз қаралады