Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, алкогольсіз сусын бір жылда 22,7% қымбаттады. Бір жыл бұрын баға өсімі 14% болған. Ал су бағасы 29,1% өсті (бір жыл бұрын өсім 18% болған). Сондай-ақ сергітетін сусын бір жылда 26,8% (бір жыл бұрын 16,2%) қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша, минералды су бір жылда 31,4% қымбаттады.

Минералды судың бағасы қатты қымбаттаған өңірлер:

  • Жетісу облысы – 66,4%;
  • Қызылорда – 49,5%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 48,1%.

Ең аз өсім:

  • Ұлытау облысы – 8,3%;
  • Шымкент 11,4%;
  • Түркістан облысында – 18,5%.

Мұнымен қатар, бір жылда ауыз су 25,8% қымбаттады.


Оқи отырыңыз: Қытайдағы ең ірі JD сауда платформасына Қазақстанның 15 өндірушісінің өнімі қойылады


"Ең көп баға өсімі Ақмола және Абай облыстарында тіркелді: сәйкесінше 43% және 42,6%. Ауыз су құнының айтарлықтай өсімі Қостанай облысында да байқалды: 31,5%. Бағаның ең аз өсімі Түркістан (10,9%), Батыс Қазақстан (15,1%) және Павлодар (15,2%) облыстарында", – делінген ақпаратта. 

Сергітетін сусындар ішінде газдалмаған сусын ең көп қымбаттады – бір жылда 34,7%.

Өңірлер бойынша:

  • Батыс Қазақстан облысында – 85,3%;
  • Атырау облысында – 51,9%;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 47,7%.

Бағаның ең аз өсімі келесі өңірлерде тіркелді:

  • Жамбыл (14,5%);
  • Ақтөбе (23,6%);
  • Павлодар және Маңғыстау өңірлерінде – 24,6%.

Оқи отырыңыз: Күнбағыс майы бір жылда 20 пайыз қымбаттады


Газдалған сусын бір жылда 25,2% қымбаттады. Ең қатты қымбаттаған өңір Ақмола (46,9%), Жетісу (40,2%) және Абай (36,8%) облыстары болса, ең аз қымбаттаған өңірлер Павлодар (5,1%), Жамбыл (13,5%) және Қарағанды (15,2%) облыстары.

"Биыл қаңтар-наурыз айларында ҚР-да 142,8 млн литр тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген минералды және газдалған су өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% артық. 590 млн литр басқа да алкогольсіз сусын өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 13,7% артық", – делінген ақпаратта.