Педагогтердің үздіксіз біліктілігін арттыру үшін заңнамаға өзгерістер енгіздік. Енді педагогтер бес жылда бір рет емес, үш жылда бір рет біліктілік арттыру курстарынан өтеді, деп жауап берді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет басшысының педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесі туралы сауалына.

"Екіншіден, педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу үшін 50 баллдан 75 пайызға дейін шекті баллын көбейттік. Үшіншіден, биылдан бастап педагогикалық мамандыққа жұмысқа тұру үшін тек диплом арқылы ғана емес, арнайы өз пәнінен тестілеуден өтіп, сертификация арқылы жұмысқа тұратын болды", – деді Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: 6 облыс балабақша ашу жоспарын толық орындамады


Сонымен қатар министр біліктілік арттыру курстарының барлық бағдарламасы түбегейлі өзгертілгенін айтты. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап әр пән бойынша жаңа курстар енгізілгенін және курстан өткен педагогтерге үш мониторинг жүргізілетінін атап өтті. 

"Тағы бір жаңашылдық бұны алдында курсты оқыған барлық педагог курстан өткенін растайтын сертификатты алды. Биылдан бастап курстың нәтижесі бойынша емтихан тапсырып, өткен педагогтер ғана жұмысын ары қарай жалғастырып, сертификатты алады. Қалғанына біз қосымша көмек беретін боламыз", – деді Оқу-ағарту министрі.


Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту министрі 50 жылдан ескі мектептерге техникалық аудит жүргізуді сұрады