Қазақстандық шахматшы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Никосия қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы гран-придің төртінші кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы championat.com хабарлады.

Бұл – шахматшының гран-при кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.

"Бибісара Асаубаева жетінші айналымда  әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі ресейлік Александра Костенюкті жеңді. Турнирде бес ұпаймен неміс шахматшысы Динара Вагнер көш бастап тұр" – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Никосиядағы гран-придің төртінші кезеңі 27 мамырда аяқталады.