Бас жүлде – автокөлік: Құранды жатқа оқудан республикалық байқау өтеді
Үміткерлер Құран Кәрімнің 10, 20, 30 парасын жатқа оқудан жарысады.28-29 қыркүйекте Қызылорда қаласында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы өтеді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Дәстүр бойынша, байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылады.
Байқауға республика облыстарында өткен іріктеу сайысының жеңімпаздары қатысады. Олар ер азамат болуы және 30 жастан аспауы тиіс. Бір үміткер байқауға тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
Құранды толық жатқа оқудан үздік шыққан жеңімпаз бас жүлде – автокөлікке иеленеді. Кейінгі бес орынға 700 мың – 3 миллион теңге аралығында ақшалай сыйақы төленеді. Сондай-ақ, өзге номинациялар бойынша да ақшалай марапаттар қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Түркістанда көне түркі тілінде жасалған Құран аудармасының тұсаукесері өтті