ҚМДБ Рамазан айында бағаны негізсіз көтеруге жол бермей, керісінше жеңілдік жасауға үндеді. 

"Қасиетті айда кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамыз", – деп мәлімдеді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.


Оқи отырыңыз:


Наиб мүфти Ершат Оңғар Рамазан айында бағаны жасанды жолмен өсірмеуге шақырды.

"Шариғатта спекуляция мен монополияға тыйым салынған. Әрине, ол күнә істердің қатарына жатады. Бағаны жасанды өсіру – күнә. Отандастарымыздың тағы есіне сала кетсек деймін: бұл қасиетті ай – мейірімділік пен қайырымдылық айы. Алла разылығы үшін қайырымды істерді орындасақ, жақсылығымыз Рамазан айында еселеніп алдымыздан шығады", – деп қосты Ершат Оңғар.