ҚМДБ баспасөз хатшысының хабарлауынша, басқарма Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген.
Соған сәйкес, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күнге созылады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
Оқи отырыңыз: 2022 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
"Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын атап өтті", – деп жазды ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
Сондай-ақ, биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласы
Алматы қаласы
Шымкент қаласы
Облыс орталықтары мен ірі қалалар бойынша ораза кестесін осы сілтеме арқылы табасыз:
2022 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
Оқи отырыңыз:
- Рамазанға 1 ай қалды. ҚМДБ оразаға дайындықты пысықтады
- Ораза жайлы мифтер. Не шындық, не жалған?
- Ораза қазасы немесе қарызы. Оны қалай өтейді?
- Ораза айт күні сәресін ішу керек пе?
- Ораза ұстаған кезде спортпен қалай шұғылданған дұрыс?